09 Қар 2020
Бос орындар

№34 «Нұрбөбек балабақшасы коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны педагог-психолог бос лауазымына байқау жариялайды

Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы", "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы", "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Заңдары және басқа да білім беруді дамытудың бағыттары мен келешегін айқындайтын нормативтік құқықтық актілерді, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын, дидактика принциптерін, педагогика мен жас ерекшеліктер психологиясының негіздерін, тәрбие мен оқытудың жалпы және жеке әдістемелерін, оқу-бағдарламалық құжаттамаларды әзірлеу принциптері мен тәртібін, педагогикалық жұмыстың тиімді нысандары мен әдістерін анықтауды, жинақтау және енгізуді, балалардың медициналық-психологиялық-педагогикалық және жас ерекшелік анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктері және жүйке-психикалық қызметін, әдістемелік және ақпараттық материалдарды жүйелеу принциптерін, оқытудың аудиовизуалды және интерактивті құралдарына қойылатын негізгі талаптарды, еңбек туралы заңнама негіздерін, еңбекті қорғауды, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы қорғанудың ережелері мен нормаларын, санитарлық ережелер мен нормаларды, дәрігерге дейінгі медициналық көмек негіздерін білу.

Мектеп жасына дейінгі балалар тұлғасының дамуына кедергі келтіретін факторларын айқындайды және әртүрлі психологиялық көмек (психикалық түзету, сауықтыру және кеңес беру) көрсету бойынша шараларды қабылдайды. Мектеп жасына дейінгі балаларға, ата-аналарға немесе оларды алмастыратын тұлғаларға, педагогикалық ұжымға психологиялық бағыттағы проблемаларды шешуде көмек көрсетеді. Әртүрлі бейіндегі және мақсаттағы психологиялық диагностиканы жүргізеді.

           

            Біліктілікке қойылатын талаптар: мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыс жасау бойынша жаңа психологиялық-педагогикалық бағдарламаларды дербес әзірлеуі тиіс және педагог-психолог лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 5 жыл болуы тиіс.

Конкурсқа тапсыру үшін қажетті құжаттар:

  • Қоса берілетін құжаттардың тізбесі көрсетілген конкурсқа қатысу туралы өтініш;
  • Мемлекеттік және орыс тілінде түйіндеме
  • Еркін нысанда жазылған өмірбаян
  • Білімі туралы құжаттар (куәландырған)
  • Еңбек кітапшасының көшірмесі (куәландырған)
  • Белгіленген нысанда денсаулық жағдайы туралы анықтама
  • Жеке куәлігінің көшірмесі
  • Азаматтық қызметке , басқару функцияларын атқарумен байланысты лауазымға тұру кезінде адам сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің бар не жоқ екендігі туралы анықтама ұсынады

 

Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби дайындық деңгейіне (біліктілігін арттыру туралы, ғылыми дәреже мен атағын беру туралы, ғылыми жариялымдар туралы құжаттардың көшірмелерін, сонымен қатар , алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдарды және т.с,с) қатысты қосымша ақпараттарды ұсына алады.

 

Конкурстық құжаттарды қабылдау жарияланған күннен он төрт  күнтізбелік күн ішінде №34 «Нұрбөбек» бөбекжай балабақшасында өткізіледі.

 

Мекен жайы: Вокзал маңы 3А, сооружение 8 В

      Телефон:      31-50-06