09 Қар 2020
Төлқұжат

Төлқұжат

№34 «Нұрбөбек» бөбекжай-бақшасының

Төлқұжат

Толық атауы:«Қалалық білім бөлімі» мемлекеттік  мекемесіне қарасты «№34 «Нұрбөбек» бөбекжай-бақшасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

Басқару органы:  Атырау қалалық білім бөлімі

Мекен-жайы:Вокзал маңы-3А шағын ауданы, құрылымы №8В

                           Тел: 31-50-06 , 30-40-91, mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Индекс: 060027

 Жарғы: алғашқы тіркелген күні- 28.09.2016 ж. Атырау облысы бойынша Қазақстан Республикасының заңды тұлғасын тіркеу Департаменті бөлімімен 19.12.2019 ж қайта тіркеуден өткізілді

 Ұйым басшысы:  Жолданбаева Индира Нагашбаевна

 Жалпы мәліметтер: 

Мектепке дейінгі ұйым ғимараты типтік, екі қабатты.

 Бөбекжай-бақша - 2016 жылдан  бастап жұмыс жасайды.

 Бөбекжай-бақшаның жалпы аумағы: 2279,2м²

Жер учаскесінің аумағы: 1.2000 га

Ғимарат ауқымы: 9734 м²

Жобаның құны: 821 908 202,00

Бас мердігер: ТОО «Орлан»

Жылу және сумен қамтылу: орталықтандырылған

Штаттық кесте: 82,30 бірлік

Жұмыс тәртібі:       5 күндік

Жұмыс уақыты:10,5 сағат.

 Сыйымдылығы: 280 орындық. Қазіргі таңда 310 бала тәрбиеленуде.

Топ саны:               12 топ жұмыс жасайды.

Оқытылу тілі:аралас.  10 топ  мемлекеттік тілде

 2 топ орыс тілінде

 Жалпы қызметкерлер саны:

Педагогтар: 31

Жоғарғы санатты: 2

І санатты: 3

ІІ санатты:8

санатсыз: 18

 Материалдық технакалық база:

Директор бөлмесі– 1

Әдіскерлер бөлмесі – 1

Бухгалтер бөлмесі-1

Топ блогы – 12

Саз залы – 1

Аулада стадион

Дене шынықтыру залы  мен хореография залы-1

Изо студия-1

Тілдер    бөлмесі-1

Lego және шахмат студиясы-1

Психолог бөлмесі – 1

Музыка жетекшілері бөлмесі-1

Дене тәрбиесі нұсқаушыларының бөлмесі-1

Пән мұғалімдерінің бөлмесі – 1

Медициналық блок: медициналық,  оқшаулау бөлмеcі

Ас блогы

Кір жуу бөлмесі

 

Қазіргі таңда үздіксіз білім беру еліміздің ертеңі өсіп келе жатқан жас ұрпақтың білімінің тереңдігімен өлшенеді. Білімді, жан-жақты қабілетті ұрпақ – ұлтымыздың         баға  жетпес        қазынасы. Тектілігі тереңге тамырланған қазақ халқы бала тәрбиесінде баласының рухани жағынан бай болуына көңіл бөлген. Сәби дүниеге келгеннен бастап, оның ойлы, дене бітімінің дұрыс қалыптасуына, ақыл - ойының жетілуіне, кішкентайынан бала бойына адалдық, әділдік, мейірімділік, адамгершілік сияқты бар ізгі қасиеттерді отбасы және бақшаның тәрбие-оқыту процесі арқылы сіңіреді.
Бүгінгі күнгі заман талабына сәйкес Атырау қаласының №34 «Нұрбөбек» бөбекжай-бақшасы ұжымы мектеп жасына дейінгі білім беру саласына инновациялық жаңалықтарды енгізу мақсатында оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру арқылы мектеп жасына дейінгі  балаларды жалпыға бірдей міндетті мектепке дейінгі тәрбие мен біліммен қамтамасыз етуде өз күш жігерімізді жұмсаудамыз.

Бақша ұжымының  мақсаты :

- балаларды  сүйе  отырып, әр баланың  жеке  құндылықтарын  бағалау ,

-адами  қасиеттерін   ашып , баланың  өзіне    сенімділігін  арттыру ,

- білімді  және  тәрбиені  сіңіруге  күш жұмсау. 

     «Денсаулық» білім беру саласының мазмұны баланың денсаулығын сақтауға және нығайтуға; тұрмыста, көшеде, табиғат жағдайларында қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыруға және балалардың қимыл-қозғалыс тәжірибесін негізгі қимылдарды жетілдіру арқылы байытуға; шығармашылық, танымдық және сөйлеу қабілеттерін пайдалана отырып, тәрбиеленушілердің қимыл белсенділігіне сұраныстарын жетілдіруге бақша ауласында арнайы стадион, ғимаратта спорт және хореография залы жасақталған.  Арнайы дзюдо және би үйірмелері жұмыс жасайды.

"Таным" білім беру саласы қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыруды: сандық есептеу дағдыларын жетілдіруді, геометриялық пішіндер туралы түсініктерді қалыптастыруды, кеңістікті және уақытты бағдарлауды; құрылыс, табиғи және қалдық материалдар және конструктордың бөліктерінен құрастыруды; тірі және өлі табиғат заттары мен маусымдық құбылыстар, өсімдіктер туралы білімін кеңейтуде бақшамызда  шахмат үйірмесі, Lego, работехника бағдарламалары арқылы  балалармен жұмыс қолға алынуда.

     "Шығармашылық" білім беру саласы өнер туындыларын қабылдау мен түсінуді дамытуды, қоршаған ортаға эстетикалық қатынасты қалыптастыруды; өнер түрлері туралы қарапайым түсініктерді қалыптастыруды; музыканы, ұлттық музыкалық аспаптарды, көркем әдебиетті, фольклорды қабылдауды; балалардың өзіндік шығармашылық қызметін іске асыруын дамытуда бақшада «Шебер қолдар» үйірмесі, домбыра үйірмесі 2 жыл көлемінде балалардың шығармашылық қабілетін шыңдауда.

"Әлеумет" білім беру саласы бойынша қоғамда өзін ұстаудың адамгершілік нормаларын, сондай-ақ жалпы адамзаттық құндылықтарды меңгеруді, баланың ересектермен және құрбыларымен қарым-қатынас жасай білуін; дербес болуын, өзінің қылықтарына жауап беруін, өзінің қимылдарының мақсаттылығы мен реттеуді, еңбек пен шығармашылықтың әртүрлі түрлеріне қызығушылықтарын қалыптастыруды; тұрмыста, қоғамда және табиғатта қауіпсіз мінез-құлық негіздерін тәрбиелеуде бақшада шығармашылық топтың «Балалардың іс-әрекетіндегі қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыру» бағдарламасы  негізінде тәрбие берілуде.