ҚР Конституциясын;
Балабақша тәрбиеленушілері өмірінің қауіпсіздігі мен денсаулығын сақтау нұсқаулығының орындауын, еңбекті қорғау қауіпсіздік техникасы және өртке қарсы қорғаныс ережелері мен нормаларын, және санитарлық ережелер мен нормалардың сақталуын қамтамасыз етеді.
Азық-түлік өнімдерін алу үшін құжаттар толтырады және сақталу орнына дер кезінде жеткізілуін бақылайды.
Азық-түлік өнімдерін тиелуін, түсірілуін, және қоймада орналастыруын басшылық жасайды.
Азық-түлік өнімдерін мәзірге сәйкес ас үйге босатып, сақталу мерзіміне жауап береді, жеміс жидектерді жиі жиі аударып беріп қарап, ыдыстардың, уақытында қайтарылуын қамтамассыз етеді.
Азық-түлік өнімдерін кірісі мен шығысын құжаттайды, шығынды арнайы дәптерге жазып, есепші алдында есеп беріп отырады.
Жеке басының гигиенасын қатаң сақтайды, азық-түлік сақтайтын бөлменің, белгі салынған ыдыстардың санитарлық жағдайын қадағалайды, компьютер қолданудың тиімді дағдыларын игеруі тиіс.
Біліктілікке қойылатын талаптар: орта арнаулы білімі бар тұлға, қоймашы лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 2 жыл болуы тиіс.
Конкурсқа тапсыру үшін қажетті құжаттар:
- Қоса берілетін құжаттардың тізбесі көрсетілген конкурсқа қатысу туралы өтініш;
- Мемлекеттік және орыс тілінде түйіндеме
- Еркін нысанда жазылған өмірбаян
- Білімі туралы құжаттар (куәландырған)
- Еңбек кітапшасының көшірмесі (куәландырған)
- Белгіленген нысанда денсаулық жағдайы туралы анықтама
- Жеке куәлігінің көшірмесі
- Азаматтық қызметке , басқару функцияларын атқарумен байланысты лауазымға тұру кезінде адам сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің бар не жоқ екендігі туралы анықтама ұсынады
Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби дайындық деңгейіне (біліктілігін арттыру туралы, ғылыми дәреже мен атағын беру туралы, ғылыми жариялымдар туралы құжаттардың көшірмелерін, сонымен қатар , алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдарды және т.с,с) қатысты қосымша ақпараттарды ұсына алады.
Конкурстық құжаттарды қабылдау жарияланған күннен он төрт күнтізбелік күн ішінде №34 «Нұрбөбек» бөбекжай балабақшасында өткізіледі.
Мекен жайы: Вокзал маңы 3А, сооружение 8 В
Телефон: 31-50-06