14 окт 2021
Материал Нұрбөбек

«Нұрбөбек» бөбекжайы КМКҚ Төтенше жайлар мен өрт қауіпсіздігінен сақтануіс-шаралары туралы ақпарат

«Нұрбөбек» бөбекжайы КМКҚ

Төтенше жайлар мен өрт қауіпсіздігінен сақтануіс-шаралары

туралы ақпарат

 

Бөбекжайда төтенше жайларда не істеу керектігі туралы, өрттен сақтанудың жолдарын үйрену және жолда жүру ережелерін меңгеру  тақырыбына ересектер мен мектепалды даярлық топтарында тақырыптық оқу қызметтер ұйымдастырылды.

Мектепалды даярлық «Балапан» тобында «Өрт – қауіпті есте сақта!» тақырыбында ата-аналармен бірлескен жұмыстармен байланыстыра отырып, топ тәрбиешісі Қызайбекова Ж.Ж. іс-шара ұйымдастырды. Іс-шара мақсаты Өрт тілсіз жау, өрттен сақтану жолдарын үйрету. Балалардың өрт қауіпсіздігі ережелері туралы білімдерін қалыптастыру, қауіп төнген кезде өздерін қорғай білуге машықтандыру, өз өмірлері үшін жауапты екенін ұғындыру.

Нәтижесінде кенеттен пайда болатын жағдайларда керекті телефон нөмерлерін жатқа айтқызу, тақпақ, сурет арқылы ой өрісін, есте сақтау қабілетін дамыту. Балаларға жақсы мен жаман қасиеттерді ажырата білуге, әдепті және байыпты сөйлеуге, ұқыптылыққа, тазалыққа үлкеннің айтқанын тыңдай білуге тәрбиелеу.  Өрттен сақтану туралы білімдерін бекіту мақсатында, балалардың мақал – мәтелдерді жатқа айтты. Кейіпкер болып келген қоянға оттықтың, шырпының ондай қауіпті тұдыратынын ойламаппын, енді оттықпен, шырпымен ойнамаймын деп балалардың үйретулеріңмен көп нәрсені білдім  деп рақмет айтады. Балалар жануарларға өрт қауіпсіздігін үйрете отыра өздерінің білімдерін бекіте түседі. Балалар ата-аналармен бірлесе отырып өрт қауіпсіздігіне байланысты суреттер салып көрме ұйымдастыру арқылы біліктерін теңдете  түсті.

Мектепалды даярлық «Құлыншақ» тобының тәрбиешісі Абелденова Б.Қ.  «Отпен ойнама!» тақырыбын презентация арқылы өрт қауіпсіздігі туралы түсінік берді.

Мақсаты әр адамның өз өмірі үшін жауапты екенін ұғындыру. Өрт сөндірушілердің қалай жұмыс жасайтындарын көрсе отырып, осы мамандыққа деген құрмет  сезімдерін ояту. Күтеген жағдайда өрт қатты жанса, ондай жағдайда негізгі мақсат тез үйден кету. 101 – ге хабарласып өрт сөндірушілерді шақырту. Егер өрт қатты жанып тұрмаса да, бірақ үйдің іші қатты түтін болса, үйден тез кету керек. Түтін өрттен де қауіпті болатынын терең түсіндіру жұмыстары мен келесі ұсыныстар берілді.

  • Түтіннің исін сезгеннен кейін үйден тез кетіңіз. Кез келген шүберекті

сулап ауызыңыз бен мұрынды жабыңыз сосын еңкейіп (өйткені түтін жоғарыға ұмтылады) бөлмеден кетіңіз.

  • Егер өрт кішкентай бөлмеде болса, онда есіктер мен терезелерді ашпаңыз, ауа өртті

күшейтіп жібереді.

Мектепалды даярлық «Солнышко» тобында жолда жүру ережесі мен көліктерден сақтану жолдарын плакаттарды қолдана отырып, жол белгілерін қолдана отырып және өрт қауіпсіздігі туралы әңгіме өткізді.

Мақсаты балаларды жолда жүріп, жол ережесін  сақтауға тәрбиелеу. Бағдаршам, белгілердің  атқаратын қызметімен таныстыру.Көше жағдайындағы  кеңістікті бағдарлай білу дағдыларын, зейіндерін дамыту. Өрттің қаншалықты қауіпті екенін туралы, өрттен, оттан сақтану жолдарын, балаларға өрттің алдын алуға ынталандыру, қоршаған ортаны  қорғауға тәрбиелеу.

Қорыта келе бөбекжайда өрттің пайда болуымен байланысты төтенше жағдайлардың қаупін  барынша болдырмау үшін ұйым  өртке қарсы қорғауды жетілдіру  бойынша шараларды жүйелі түрде  жүзеге асырады және өртті   алдын-алу  бойынша тұрақты ұйым қызметкерлерімен және тәрбиеленушілермен іс-шаралар жүргізіледі.