"Бақытты елдің ұрпағы" Республикалық балалар мен жасөспірімдер арасындағы байқауға балабақша тәрбиеленушілері қатысып, өз өнерлерін ортаға салды.
Ән жанрында "Нұрбөбек" триосы Бас жүлдені, кішкентай әншіміз Тулина Полина 1 орынды иеленсе, көркемсөз оқудан Құтжан Азиза да Бас жүлде иегері атанып, ал әдемі қимылмен ортаны толтыра білген бишілеріміз "Шұғыла" би тобы 2 орынға иеленді. Өнер әлеміне қанат қаққан өрендер байқаудың жоғары марапаты Алматы қаласында өтетін "Біз бақытты баламыз" және Сочи қаласында өтетін "Черноморский олимп" Халықаралық фестиваль-байқауына жолдама алды. Өнерде де, өмірде де бәйгенің алдын бермейтін талапты да, талантты бөбек болыңдар деп тілек айтамыз. Жеңісіміз құтты болсын!!!