09 Қар 2020
Жаңалықтар

Тәжірибе адам қоғамы мен танымын дамытудың жалпыға бірдей негізі

Оқыту мен тәрбиенің тиімді тәсілдері мен әдістерін табуда педагогтың өз тәжірибесін өзі зерттеп, жинақтау ісі – әрі қиын, әрі үрделі мәселелердің бірі. Сондықтан, әрбір педагог еліміздегі жаңашыл ұстаздардың бай тәжірибесін, белгілі педагогтар мен психологтардың ғылыми еңбектерін терең зерттеп, олардың ұсынбаларын өз ісінде шеберлікпен пайдаланғаны және үнемі өзін жетілдіріп отырғаны жөн. Біздің бақшаның педагогтары да заманауи технологияларды тәжірибесіне енгізіп, ұрпақ тәрбиесіне жауапкершілікпен атсалысуда