09 Қар 2020
Басшылық

Жолданбаева Индира Нагашибаевна

Жолданбаева Индира Нагашибаевна

№34 «Нұрбөбек» бөбекжай - бақшасы директоры

Елбасы Н.Ә. Назарбаев: «Мәңгілік ел – ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы. Ол арман – әлем елдерімен терезесі тең қатар тұратын, әлем картасынан ойып тұрып орын алатын тәуелсіз мемлекет атану еді. Ендігі ұрпақ – мәңгілік қазақтың перзенті... Бүгінгі ұрпақ білімді болса, ел ертеңі жарқын болмақ»-деген болатын.  Балаларды оқыту нәтижесі сындарлы ойлау, өзіндік ізденіс пен ақпаратты терең талдау машығын игерген болуы тиіс. Демек, мектеп жасындағы кішкентай бүлдіршіндерге үздіксіз білім берудің алғашқы сатысы ретінде, мектеп жасына дейінгі білім беруді жаңа үлгідегі әдістемелік технологиялармен қамтамасыз ету көзделіп отыр. Осы мәселені түбегейлі шешудің бір жолы педагогикалық үрдісті ұйымдастыратын білікті мамандарды даярлау, олардың біліктілігін арттыруға әдістемелік қолдау көрсету, жағдай жасау арқылы білім сапасын жоғары сатыға көтеру. Бүгінгі күнгі заман талабына сәйкес мектеп жасына дейінгі білім беру саласына инновациялық жаңалықтарды енгізу мақсатында оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру арқылы мектеп жасына дейінгі  балаларды жалпыға бірдей міндетті мектепке дейінгі тәрбие мен біліммен қамтамасыз етуде өз күш жігерімізбен жұмыс істеудеміз.

Балабақша ұжымының  мақсаты :

- балаларды  сүйе  отырып, әр баланың  жеке  құндылықтарын  бағалау ,

-адами  қасиеттерін   ашып , баланың  өзіне    сенімділігін  арттыру ,

- білімді  және  тәрбиені  сіңіруге  күш жұмсау.            

№34 «Нұрбөбек» бөбекжай-бақшасында негізінен 2 жастан 6 жас аралығындағы балалар бүгінгі күн талабына сай тәрбиеленіп, білім алады.

2018-2019 оқу жылында  балабақшада 12 топ жұмыс жасады. Балабақшаның  тәрбиелеу- оқыту  қызметі 10 топта  мемлекеттік тілде, 2 топта орыс  тілінде жүргізілді.

Мектеп жасына дейінгі балалардың  дене бітімі мен ақыл-ойын дамыту жұмысын жетілдіру үшін дәстүрлі және инновациялық технологияларды жаңартуға бағытталған білім беру үдерісін құру, балабақшада  дене шынықтыру үдерісі, танымдық-коммуникативтік қабілеттерін, психикалық үдерістер, сондай-ақ педагогтардың  кәсіби шеберлігін арттыруға қажетті жағдай жасау, балалардың салауатты өмір салтын ұстану қажеттілігіне бейімдеп қозғалыс белсенділігін, танымдық үдеріс: логикалық ойлау, зейін, қабылдау, қиял дербестігін дамыту, сөйлеу белсенділігі, саусақтарының ұсақ моторикасы, есте сақтау қабілетін, зияткерлік қызметке қызығушылығын арттыру қасиеттерін қалыптастыру, балабақшаның педагогикалық ұжымы толыққанды өмір сүру үшін баланың мектепке дейінгі балалық негіздерін қалыптастыру-тұлғаның базалық мәдениетін, жан-жақты дамыту, ақыл-ой және физикалық қасиеттеріне сәйкес жас және жеке тұлғалық ерекшеліктеріне, баланың қоғамда өмір сүруіне қолайлы жағдай жасау мақсатында тәрбиелеу  мен оқыту қызметін ұйымдастырады.

 

Мектепке  дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесінде  Мектепке дейінгі тәрбие бағдарламаларына  арналған жалпыға міндетті  стандартта  «Денсаулық» білім саласының арнайы міндеттемелері белгіленген.  Дене тәрбиесі – адамның  дене  мүшелерін  шынықтырып, бала  психикасының  дамуына  әсер ететін, адам ағзасының барлық жағынан жетілуіне, қимыл әрекеті мен дағдысының, білімнің қалыптасуын қамтамасыз етуге бағытталған көп қырлы педогогикалық  процесс. Сондықтан  дене  тәрбиесі  мен  қауіпсіз мінез-құлық  негіздерін  сапалы  ұйымдастыру  үлкен  мағынаға  ие.

Балабақшада  дене  шынықтыру- хореография  залдары, аулада  стадион жасақталған.  Дене шынықтыру-сауықтыру жұмыстарының түрлері де сан қилы. Оның ішіне шынықтыру процедуралары, спорттық ойын-сауықтар, топта және ойын алаңында санитарлы-гигиеналық жағдайды сақтау, дәрумен беру және т.б. кіреді. Дене шынықтыру-сауықтыру жұмыстары дене шынықтыру нұсқаушылары, топ тәрбиешілері мен ата-аналардың тікелей қатысуымен  жүзеге асырылып отырады. Хореграфия үйірмесі балалардың  қимыл- қозғалысының жетілуіне үлкен септігін тигізуде.

 

Балалардың ми қызметі мен психикалық қызметі қарқынды дамуы мен мінез-құлқына өзгерістерді бақылап отырған психолог жұмыс жасайды. Психолог  тілдерінің дамуы мен сөздік қорларын молайтуға саусақ жаттығулары, массаж түрлерін үйретіп, баланың  болашағына  үлкен жауапкершілікпен қарайды. Балада ерік жігерді, шыдамдылықты, өз күшіне деген сенімділікті, ыждағаттылықты, мықты мінез-құлықты қалыптастыру, қисынды ойлау, байқағыштық, зейін қасиеттерін жаттықтыру, есте сақтауды дамыту, ойлау, зерттеу, қарым-қатынас жасау, бастағын ісін соңына дейін жеткізу қасиеттерін дамыту мақсатында «Шахмат» үйірмесі ұйымдастырылды.

 

Шахмат  ойнауға үйрету  баланың  ойлау  қабілетін жақсартады десек, ата-анасымен бала арасындағы  мейірім мен  сенімділікті күшейтеді. Үстел үсті және тақталы шахматтармен жабдықталған шахмат студиясында Ғабдрахман  Айдаралиев атындағы  облыстық шахмат  федерациясы  жаттықтырушысы балалармен жұмыс жасады. Сонымен бірге,  ағылшын тілі маманы Сапаргалиева А жетекшілігімен «Қызықты ағылшын тілі» және хореограф  Утешова Д жетекшілігімен «Хореография» үйірмесі жұмыс жасайды.