Атыраудағы «Өрлеу» Кәсіби даму институтында «Авторлық бағдарлама: ізденістен нәтижеге дейін» атты облыс педагогтерінің қатысуымен әдістемелік семинар өтті. Шараға өңірдегі білім беру саласында оқу-тәрбие және пәндерді оқытуда авторлық бағдарламаларды құрастырған жетекші мұғалімдер мен бір топ педагогтер қатысты. Семинарда сөз алған педагогтер мұғалімнің шығармашылық және зерттеу дағдыларын дамыту, ізденісте болу, деректермен жұмыс істеуге қатысты практикалық кейстерге басымдық берді.
«Авторлық бағдарлама: ізденістен нәтижеге дейін» атты облыс педагогтерінің тәжірибе алмасу семинарында мектепке дейінгі білім беру саласы да тыс қалмады. Мұнда «Мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің шығармашылық ізденісін дамыту» тақырыбында №34 «Нұрбөбек» бөбекжай-бақшасының әдіскері Шынар Садырова баяндамасын таныстырып, әріптестермен сұрақ-жауап алмасты.
Әдістемелік семинар соңында «Өрлеу» Кәсіби даму институты директорының міндетін атқарушы Жаннат Нұртілеуова авторлық бағдарламасын жасақтап, оқытудағы озық үлгілерді енгізіп жатқан әріптестерге ризашылығын білдірді. Жаннат Асылбекқызы шара қатысушыларын ұстаздар күнімен құттықтап, өз тәжірибелерін ортаға салған әріптестерге филиал ұжымы атынан алғыс хаттар табыстады.
Атыраудағы «Өрлеу» Кәсіби даму институтының баспасөз қызметі
View the embedded image gallery online at:
https://nurbobek34.goroo-atyrau.kz/gylymi-adistemeli-zh-myst-rdfewf/14314-avtorly-ba-darlama-izdenisten-n-tizhege-dejin.html#sigFreeId885bfeeb7a
https://nurbobek34.goroo-atyrau.kz/gylymi-adistemeli-zh-myst-rdfewf/14314-avtorly-ba-darlama-izdenisten-n-tizhege-dejin.html#sigFreeId885bfeeb7a