25 Желт 2021
Педагогтармен жұмыс

Бос лауазымына тағайындау үшін ашық конкурс жариялаймыз - Тәрбиеші

Бос лауазымына тағайындау үшін ашық конкурс жариялаймыз

 

«Атырау облысы Білім беру басқармасының Атырау қаласы білім бөлімінің «№34 «Нұрбөбек» бөбекжай-бақшасы»коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны бос лауазымға  тағайындау  үшінашық конкурс  жариялайды.

Орналасқан жері: Атырау қаласы, Вокзал маңы -3а ықшам ауданы, 8В құрылым. Байланыс телефоны: 8 (7122) 31-50-06, 30-40-91

Электронды пошта:nurbobek_34@mail.ru

Тәрбиеші – 4орын тұрақты(3 қазақ, 1 орыс тобына)

            Лауазымдық міндеттері:    Балалардың денсаулығын сақтау мен қорғау қызметін қамтамасыз етеді: оларды оқыту мен тәрбие беруде денсаулық сақтайтын технологияларды қолданады.  Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талабына, жас ерекшелік топтарының үлгілік оқыту жоспары бойынша оқу қызметінің кестесіне сәйкес педагогикалық процесті жүзеге асырады, пәндік-дамытушылық ортанын қалыптастырады, балалардың шығармашылығына (ойындық, танымдық, қозғалыс, көркемөнер, еңбекке баулу) жетекшілік етеді. Балалармен жұмыс істеу кезінде жекелей және бағыттық әдісін іске асырады. Дамуында ауытқу байқалатын балалармен түзеу қызметі саласында еңбек ететін мамандармен бірлесе жұмыс жасайды, жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, оқу-әдістемелік әдебиеттерді зерделеу негізінде және топтағы балалардың жеке талаптарын ескере отырып тәрбие-білім беру жұмыстарын жоспарлайды. Тәрбиелеу мен оқыту қызметін қол жеткен жетістіктерді қорытындылай отырып жоспарлайды. Мүмкіндіктері шектеулі балалар мен қалыпты жағдайда дамып келе жатқан балалардың мектеп жасына жеткенде мүмкіндіктерінің тең дәрежеде болуын қамтамасыз ету үшін бірге тәрбиелеу және оқыту арқылы оларды әлеуметтендіруді жүзеге асырады. Мамандардың ұсынымдарын ескере отырып, мүмкіндігі шектеулі әрбір баламен жеке жұмыс жүргізеді.

Отандық және шетелдік ғылыми-зерттеу жұмыстарының, авторлық шығармалардың негізінде педагогикалық қызметтің жаңа бағыттарын зерделеумен және оны жұмыс барысында қолданумен шұғылданады. Мектепке дейінгі балаларды тәрбиелеу және оқыту барысында ата-аналарға консультативтік көмек беруді іске асырады. Балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғайды. Білім беру ұйымдарында "Құндылықтарға негізделген білім беру" тұжырымдамасын білім беру процесінде барлық нысандар, оның ішінде балалар отбасыларының қатысуымен енгізеді.

Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" заңдары және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін; психология және педагогика, алғашқы медициналық көмек көрсету ережелерін, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасын, санитарлық ережелерді;мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды ұйымдастырудың нормативтік-құқықтық құжаттарын.

 

Лауазымдық жалақысы:  96946-138701 тенге

Біліктілікке қойылатын талаптар:

      тиісті бейінде жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе басқа кәсіптік білім немесе қайта даярлау курсынан өткендігін растайтын құжат немесе тиісті бейіні бойынша техникалық және кәсіптік білімі, жұмыс өтіліне талап қойылмайды.

      Біліктілігі жоғары деңгейі болған жағдайда педагог-модератор және педагог-сарапшы үшін мектепке дейінгі ұйымның тәрбиешісі лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 2 жыл, педагог-зерттеуші кемінде 3 жыл, педагог-шебер лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 5 жыл.

      Біліктілігі орта деңгейлі болған жағдайда мектепке дейінгі ұйымның тәрбиешісі лауазымында жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін кемінде 2 жыл, педагог-сарапшы үшін кемінде 3 жыл, педагог-зерттеуші кемінде 4 жыл.

       Тиісті санатты алу үшін жауапкершілікті анықтайтын біліктілік талаптары:

      1) "педагог" (санаты жоқ):

      педагогке қойылатын жалпы талаптарға сәйкес келуі керек:

      Үлгілік бағдарламаның мазмұны мен құрылымын білу, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың әдіснамасын білу;

      жас ерекшеліктерін ескере отырып, білім беру мен оқытуға жеке көзқарас жүргізу;

      бірлескен перспикивалық жоспар мен циклограмма жасау;

     балалардың білім, білік және дағдыларды мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты деңгейінен төмен болмауын қамтамасыз ету;

      ата-аналармен немесе оларды алмастыратын адамдармен қарым-қатынас жасау;

      әдістемелік жұмыстарға қатысуға; балалардың дамуын диагностикалау; білім беру ұйымы деңгейіндегі іс-шараларға қатысады, кәсіби-педагогикалық диалог дағдыларын меңгереді, сандық білім беру ресурстарын қолданады.

      2) "педагог-модератор":

      "педагог" (санаты жоқ) санатына қойылатын жалпы талаптарға жауап беруі керек:

     Стандартта қарастырылған балалардың білім, бейім және дағдыларды алуын қамтамасыз ету,

     Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың әдіснамасын білу және жас ерекшеліктерін ескере отырып, оқыту мен тәрбиелеуге жеке көзқарас енгізу,

      Перспективалық жоспар мен циклограмма жасау, инновациялық әдістер мен технологияларды қолдану, қалалық, әдістемелікбірлестіктердің, семинарлардың, конференциялардың жұмысына қатысу,

      Өзінің кәсіби біліктілігін арттыру, білім беру ұйымы деңгейінде тәжірибе жинақтау,

      білім беру ұйымдары деңгейінде тәжірибені кеңейту,

      білім беру ұйымдары деңгейінде байқаулар мен жарыстарға қатысушылары болуы қажет.

      3) "педагог-сарапшы":

      "педагог-модератор" санатына қойылатын жалпы талаптарға жауап беруі тиіс:

      Стандартта көрсетілген тәрбиеленушілердің білім, бейім және дағдыналуын қамтамасыз ету,

      Перспективалық жоспар және циклограмма әзірлеу, балаларды, оның ішінде ерекше білім беру қажет балаларды, диагностикалау тетігін меңгеру,

      Балалардың зерттеу дағдыларын дамыту,

      Балалардың  қалалық, конкурстарға қатысуын жүзеге асыру,

      Әдістемелік бірлестіктердің, семинарлардың, конференциялардың қызметіне қатысу, өзінің кәсібибіліктілігін арттыру, ұйымдастырылған оқу қызметтерін талдау дағдысын меңгеру, тәлімгерлікті жүзеге асыру және кәсіби даму басымдықтарын конструктивті анықтау, білім беру ұйымы деңгейінде жеке және әріптестерін, аудан/қала деңгейінде тәжірибені жинақтау, аудан/қала деңгейінде конкурстарға, жарыстарға қатысушылардың болуы.

      4) "педагог – зерттеуші":

      "педагог-сарапшы" санатына қойылатын жалпы талаптарға жауап беруі тиіс:  қалалық, облыстық әдістемелік бірлестіктердің, семинарлардың, конференциялардың қызметіне қатысу;

      Балалардың зерттеу дағдыларын дамыту;

      Балалардың қалалық, облыстық конкурстарға қатысуын жүзеге асыру;

      Тәлімгерлікті тәжірибе енгізу;

Көпшілік алдында сөз сөйлеу және аудиториямен қарым-қатынас жасау дағдыларын меңгеру;

      Мектепке дейінгі жастағы балаларды тәрбиелеу мен оқытудың қазіргі заманғы әдістерін қолдану;аудан, қала деңгейінде мектепке дейінгі тәрбие және оқыту мәселелері бойынша әдістемелік әзірлемелердің болуы;

      Сабақтарды зерттеу және бағалау құралдарын әзірлеу дағдыларын меңгеру, тәрбиеленушілердің зерттеу дағдыларын дамытуды қамтамасыз ету, тәлімгерлікті жүзеге асыру және аудан, қала деңгейінде Педагогикалық қоғамдастықтағы даму стратегиясын конструктивті анықтау, облыс/республикалық маңызы бар және елорда қалалар деңгейінде тәжірибені жинақтау;

      облыс/республикалық маңызы бар және елорда қалалар деңгейінде конкурстарға, жарыстарға қатысушылардың болуы.

      5) "педагог-шебер":

      "педагог-зерттеуші" санатына қойылатын жалпы талаптарға жауап беруі тиіс:

      Облыстық және республикалық немесе халықаралық деңгейдегі семинарларға, конкурстар мен конференцияларға қатысу,

      оқубағдарламаларын, тәрбиелеужәнеоқытуәдістемелерінәзірлеубейімі мен дағдыларын меңгеру; балалардың қалалық, облыстық, республикалық конкурстарға қатысуын жүзеге асыру,тәлімгерлікті жүзеге асыру және облыс деңгейінде кәсіби қоғамдастық желісін дамытуды жоспарлау, республикалық және халықаралық конкурстардың қатысушысы болып табылады немесе республикалық және халықаралық конкурстарға қатысушыларды даярлау.

Конкурстың өткізілетін күні мен орныҚағиданыңтәртібіне сәйкес белгіленеді.

 

КОНКУРСҚА ҚАТЫСУШЫЛАР КОНКУРСТЫҚ КОМИССИЯҒА МЫНАДАЙ ҚҰЖАТТАР ҰСЫНУЫ ТИІС:

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:

      1) Конкурсқа қатысу туралы өтініш;

     2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);

     3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс-парағы (нақты тұрғылықты мекен-жайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);

    4)Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамалары мен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

      5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

     6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан  Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).

      7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

      8) наркологиялық ұйымнан анықтама;

      9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұданәрі – ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда).

       Конкурсқа қатысушы бар болған жағдайда біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.

Конкурс Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығымен  (21.07.2021 ж. сәйкес енгізілген өзгерістермен) бекітілген «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы» қағидалары  әрі қарай (Қағида)    негізінде өткізіледі.

«Педагог мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабында көрсетілген адамдар конкурсқа қатысуға жіберілмейді.

 

«Атырау облысы Білімберу басқармасының Атырау қаласы білім бөлімінің «№34 «Нұрбөбек» бөбекжай-бақшасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны