Бос лауазымына тағайындау үшін ашық конкурс жариялаймыз.
«Атырау облысы Білім беру басқармасының Атырау қаласы білім бөлімінің «№34 «Нұрбөбек» бөбекжай-бақшасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны бос лауазымға тағайындау үшін ашық конкурс жариялайды.
Орналасқан жері: Атырау қаласы, Вокзал маңы -3а ықшам ауданы, 8В құрылым. Байланыс телефоны: 8 (7122) 31-50-06, 30-40-91
Электронды пошта: nurbobek_34@mail.ru
Музыка жетекшісі – 1 орын тұрақты (орыс тобына)
Лауазымдық міндеттері: Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талабына сәйкес балаларды эстетикалық дамыту мен музыкалық тәрбиелеуді жүзеге асырады. Музыкалық сабақты, балалар мерекелерін және басқа да мәдени-көпшілік іс-шараларды ұйымдастырады және өткізеді, музыкалық дарынды балларды анықтайды. Балалармен жеке жұмысты жүргізеді.Балалардың ойын әрекеттерін ұйымдастыруға қатысады, түрлі музыкалық және дидактикалық ойындар өткізеді. Педагогикалық кеңестерді дайындауға, әдістемелік бірлестіктердің жұмысына қатысады. Балалармен жұмыс жасауда инновациялық педагогикалық тәжірибені енгізеді.
Балаларды музыкалық тәрбиелеу мәселесі ата-аналар мен тәрбиеленушілерге кеңес береді.
Білім беру ұйымдарында "Құндылықтарға негізделген білім беру" тұжырымдамасын білім беру процесінде барлық нысандар, оның ішінде балалар отбасыларының қатысуымен енгізу.
Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" Қазақстан Республикасының заңдарын және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын басқа да нормативтік құқықтық актілерді, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарды, балалар репертуарындағы музыкалық шығармалар, музыкалық білім беру әдістерін.
Лауазымдық жалақысы: 96946-138701 тенге
Біліктілікке қойылатын талаптар:
тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білім немесе қайта даярлау курстарынан өткенін растайтын құжат немесе тиісті бейін бойынша техникалық және кәсіптік білімі, жұмыс өтіліне талап қойылмайды;
жұмыс өтілі педагог-модератор үшін 3 жылдан кем емес, педагог-эксперт үшін 4 жылдан кем емес, педагог-зерттеуші мен педагог-шебер үшін 5 жылдан кем емес болуы қажет.
Кәсіби құзыреттілікті анықтай отырып, біліктілікке қойылатын талаптар:
1) "педагог" (санаты жоқ):
Педагогқа қойылатын жалпы талаптарға жауап беруі тиіс: оқу бағдарламасының мазмұнын және оқыту әдістемесін білу, жұмыс жоспарын құру, білім беру ұйымы деңгейінде іс-шараларды жоспарлау және ұйымдастыру.
2) "педагог-модератор":
педагогке қойылатын жалпы талаптарға жауап беруі, сондай-ақ:
тұрақты оң нәтижелерді қамтамасыз ету;
әр түрлі музыкалық сабақ түрлерін кеңінен қолдану;
мектепке дейінгі білім беру ұйымының әдістемелік жұмысына қатысу;
педагогикалық кеңестерде қатысу;
ашық сабақтар өткізу, білім беру ұйымы ішіндегі іс-шараларға қатысу;
3) "педагог-сарапшы":
педагогтерге қойылатын талаптарға жауап беруі, сонымен қатар: мектепкі дейінгі жастағы балаларды музыкалық тәрбиелеу мен оқытудың әртүрлі қазіргі заманғы әдістерін меңгеруі, баланың музыкалық қабілетінің даму диагностикасының элементтерін білуі;
баланың даму ортасының қалыптасуына белсенді қатысуы тиіс.
4) "педагог-зерттеуші":
Педагог-сарапшыға қойылатын талаптарға жауап беруі, сонымен қатар: мектепке дейінгі жастағы балаларды музыкалық оқыту мен тәрбиелеудің қазіргі заманғы әдістерін қолданудың өзінің шығармашылық ізденісін жүзеге асыруы, балаларды музыкалық дамытудың өзіндік ерекше әдістерін білуі;
кәсіби конкурстардың қатысушысы болу.
5) "педагог-шебер":
педагог-зерттеушіге қойылатын талаптарға жауап беруі, сондай-ақ:
балалардың музыкалық дамуының өзіндік ерекше бірегей әдістемелерінің болуы;
республикалық (халықаралық) деңгейде кәсіби конкурстардың қатысушысы болып табылады.
Конкурстың өткізілетін күні мен орны Қағиданың тәртібіне сәйкес белгіленеді.
КОНКУРСҚА ҚАТЫСУШЫЛАР КОНКУРСТЫҚ КОМИССИЯҒА МЫНАДАЙ ҚҰЖАТТАР ҰСЫНУЫ ТИІС:
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:
1) Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).
7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда).
Конкурсқа қатысушы бар болған жағдайда біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.
Конкурс Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығымен (21.07.2021 ж. сәйкес енгізілген өзгерістермен) бекітілген «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы» қағидалары әрі қарай (Қағида) негізінде өткізіледі.
«Педагог мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабында көрсетілген адамдар конкурсқа қатысуға жіберілмейді.
«Атырау облысы Білім беру басқармасының Атырау қаласы білім бөлімінің «№34 «Нұрбөбек» бөбекжай-бақшасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны