Алғаш рет Атырау облысында 9-10 ақпан күндері мектепке дейінгі ұйымдар арасында "Жарқыра, балапан" атты І Облыстық байқау өткізілді. Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық қабілетін шыңдау мақсатында біздің балабақшаның тәрбиеленушілері де жеңіс тұғырынан көріне білді. Сонымен қатар, сайысқа жоғарғы деңгейде қатысушы дайындаған балабақша ұжымы дипломмен марапатталды.


